376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде із-түзсіз кеткен оқушының денесі табылды

  • 191
  • UPD: 17:42, 03.01.2020
Ақтөбеде із-түзсіз кеткен оқушының денесі табылды

Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі ауылдан 4 шақырым жерден табылды, деп жазды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жоғалған Анатолий Лебедевтің денесі табылғанын хабарлады.

«Іздеу тобы оқушының денесін Алға ауданы, Қарақұдық ауылынан 4 шақырым қашықтықтан тапты. Жасөспірімнің денесінде ешқандай зорлық белгісі жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқушы далада үсіп қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін 11-сынып оқушысының 1 қаңтар таңғы 4-тер шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмағанын жазған едік. 

Хабар 24 телеарнасы