377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды

  • 163
  • UPD: 20:47, 05.01.2020
Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды

Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 2019 жылы 30 желтоқсан күні кешкі сағат 17:10-18:00-дер аралығында 6-шағын аудандағы №3 үйдің жанында болған.

Әкесінің өлімі туралы алматылық Руслан Ақмаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол оқиға куәгері болған « ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісін іздейді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы күдіктінің тергеу изоляторына қамалған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандар үшін көлік құралын жүргізу фактісі бойынша жеке әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы