377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған адамды қағып кетті

  • 176
  • UPD: 16:55, 06.01.2020
Қызылордада жолаушылар автобусы аялдамада тұрған адамды қағып кетті zanmedia.kz

Оқыс оқиғадан жарақат алған адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінің бойындағы аялдамада болған. Сол жерде қоғамдық көлік екінші автобусқа соғылып барып, аялдамада тұрған әйел адамды да қағып кеткен.

«Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шәмшидин Әмитов.

Хабар 24 телеарнасы