Жол-көлік оқиғасы 7 қаңтар күні 30-шағын ауданда болған. Бұл туралы Лада.кз сайты жазды.
Мәліметтер бойынша, апаттан 5 адам зардап шеккен. Олардың қатарында бір бала бар.
«Оқиға орнына жеткен мамандар зардап шеккен 5 адамды Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізді. Екеуі тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды. Көбі жабық ми жарақатын алған. 9 жастағы бала көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды», – деді денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы 30-шағын аудандағы 168-үйдің тұсында болды.
Соқтығысу салдарынан Тоуота Land Cruiser 200 маркалы көлік жолдан шығып, аударылып қалды.
