381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыз көз жұмды

  • 264
Оңтүстік Кореяда қазақстандық қыз көз жұмды

Оңтүстік Корея елінде қазақстандық қыз асылып қалды.

Бұл ақпаратты ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«2020 жылдың 16 қаңтарында Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында, өз пәтерінде Қазақстан азаматының мүрдесі табылды. Қала полициясынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол жуынатын бөлмеде асылып қалған», – деді Нұрбек Алмашев.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімі қаза тапқан қыздың туыстарына қажетті барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы