375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде шетелдік азамат жаяу жүргіншіні қағып кетті

  • 154
  • UPD: 17:33, 29.01.2020
Ақтөбеде шетелдік азамат жаяу жүргіншіні қағып кетті

28 қаңтар күні Ақтөбеде «Lada Larqus» автокөлігі 19 жасар қызды қағып кетті.

Көлік тізгініндегі Өзбекстан Республикасының азаматы Заречный ауылының көпір жағынан «Орск-Хромтау» тасжолының бұрылысына қарай «Роста Нефть» жанармай-жағармай құю бекетіне қарама-қарсы бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші 19 жасар қыз Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы