381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы мешітте үш адам иіс тиюден қайтыс болды

  • 182
  • UPD: 14:09, 30.01.2020

Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды. Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі сол мешіттің  жағушысы болса, тағы екеуі  ауыл тұрғындары. Олар  28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген. Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосып  ұйықтап қалған. Осы кезде уалы  газдан тұншыққан. Сұлық жатқан жігіттердің мүрдесін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған.Алайда  ауруханаға жеткізілгенімен жігіттер есін жимаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің  қызметкерлері  бір тұрғыннан 300 грамға жуық есіртікі тәркіледі. Орта жастағы әйел есірткіні ұзық уақыт бойы белгілі бір топқа сатып келгені анықталды.   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасап, халықаралық іздеуде жүрген Әзербайжан азаматын  Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады. Ал  «Нұр-Сұлтан-Петропавл» бағытындағы жолда қар тазалап жүрген техника өртеніп кетті.  Тәулікте болған кейбір оқыс оқиғалар келесі топтамада.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің  қызметкерлері  бір тұрғыннан 300 грамға жуық есіртікі тәркіледі. Орта жастағы әйел есірткіні алдын ала келісім бойынша  азғана топқа сатып келген. Есірткі дилерін ұстау кезінде  ол бой тасалауға әрекет еткен. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің жіті әрекетінің арқасында бұлтартпас  айғақ заттармен бірге ұсталып, бірден тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды.

Ұлттық қауіпсіздік комиттетінің қызметкерлері халықаралық іздеуде  жүрген  қылмыстық топтың белсенді мүшесі  ұстады. Әзербайжан азаматы Нұр-Сұлтан қаласында бой тасалаған. Ол  кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қаржыны Түркиядағы  ірі қылмыстық топтың серкесіне аударып отырған. Қазір күдікті Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Нұр-Сұлтан-Петропавл бағытындағы республикалық бағыттағы жол бойында қар тазалайтын техника өртенді. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға Бозайғыр ауылының маңында болғын. Ал арнайы техника «Казавтожол» мекемесіне тиесілі екені анықталды. Ауыр көліктің электр сымдары тұйықталып өрт содан басталған.

Осы аптаның басынан бері  Шығыс Қазақстандағы жолдардан 200 ге жуық жолаушы құтқарылды. Облыстағы республикалық маңыздағы жолдың 8 бөлігі 3 тәуліктен асты  әлі ашылған жоқ. Ақ боранның кесірінен аймақтағы алыстағы  қырыққа жуық елдімекен  азық-түлік ала алмай отыр. Дегенмен, барлық бағыттағы жолдарды қардан тазалау үшін 400-ден астам техника жұмылдырылды.    

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданынан бір топ браконьер ұсталды. Олардан 700 келі балық пен 1,5 шақырым ау тәркіленді. Заңсыз балық аулағандарға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша балыққа рұхсатсыз қармақ салып, ау құрғандардың айыбы дәлелденсе, 4 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы