425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда жедел жәрдем қызметінің басшысы парамен ұсталды

  • 630
  • UPD: 18:53, 03.02.2020
Маңғыстауда жедел жәрдем қызметінің басшысы парамен ұсталды

«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысының міндетін атқарушы 200 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаментінің хабарлауынша, ол бір азаматтан фельдшер болып жұмысқа орналастыру үшін қомақты мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің дәрежесі бойынша түпкілікті шешімді сот шығарады.

«Елтаев Р.С. өзі отыратын ғимаратта парамен ұсталды. Елтаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалған. Аталған баптың 2-бөлігінде 3 жылдан 7 жылға дейін бас ботсандығынан айыру не алынған параның 60 не 70 еселенген көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Ол өзінің кінәсін мойындады», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі МО бойынша департаментінің аса маңызды істерді тергеушісі Әсет Ізбасар.

Хабар 24 телеарнасы