423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аграрлық салада ғылыми зерттеу университеттерін құру қажет – А.Күрішбаев

  • 588
  • UPD: 23:16, 04.02.2020
Аграрлық салада ғылыми зерттеу университеттерін құру қажет – А.Күрішбаев

Еліміздегі ауылшаруашылық саласы мамандарын дайындайтын оқу орындары заман талабына сай емес.

Агроөнеркәсібі дамыған елдердің қатарына ену үшін білім ошақтарын ғылыми зерттеу университеттеріне айналдыру керек. Бұл туралы Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Саланы дамыту үшін ақпараттық база да жетіспейді. Яғни, кәсіби маман дайындауда кедергі көп. Салдарынан елімізде жыл сайын астық түсімі азайып жатыр. «Соңғы 15 жылда Австралия, Канада және  көршілес Ресеймен салыстырғанда 14%-ке артта қалдық», - дейді мамандар.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің КЕАҚ басқарма төрағасы:

Біз ғылыми зерттеу университетін құруымыз керек, аграрлық салада. Назарбаев университеті сияқты, бірақ аграрлық салада. Осындай университет болу керек. Осыған байланысты біз 1 жыл бұрын бағдарлама жасағанбыз. Қазір бүкіл Қаржы министрі, бүкіл салада Экономика министрі, Білім және ғылым министрі бәрімен келісіп отырмыз. шешім қабылдау керек. Біздің серіктесіміз де күтіп отыр бұл шешімді. Бірақ өкінішке орай шешім әлі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы