376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысындағы жаппай төбелес: тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

  • 378
  • UPD: 22:39, 07.02.2020
Жамбыл облысындағы жаппай төбелес: тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық төбелес болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Полиция дау-дамайды тоқтатып, жағдайды қалпына келтірді. Кикілжіңнің туындауына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жамбыл облыстық полиция департаменті осы жағдайға байланысты тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы