443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы Масанчи елді мекеніндегі оқиғаға байланысты тергеу басталды

  • 747
  • UPD: 10:04, 08.02.2020

Қордай ауданы Масанчи ауылындғы оқиғаға байланысты Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесет пен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – деп хабрлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы