375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 7 адам бір сағат бойы лифтіде қамалып отырды

  • 104
  • UPD: 12:26, 13.02.2020
Шымкентте 7 адам бір сағат бойы лифтіде қамалып отырды Depositphotos

Шымкент қаласының ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері лифтіге қамалып қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қаладағы Төлеметов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Жеті жігіт лифт арқылы жоғары қабатқа көтерілмек болған. Алайда көтергіш саты орта жолда тоқтап қалыпты. Осылайша жігіттер үш пен төртінші қабаттың арасында бір сағат тұрған. Кейін араларынан біреуі құтқару қызметіне хабарласып көмек сұрапты. Құтқарушылар лифттің есігін гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен ашты.

Хабар 24 телеарнасы