443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы сауда орталығында мас түрік азаматы өз-өзін пышақтады

  • 453
  • UPD: 22:49, 15.02.2020

Павлодар облысының Баянауыл ауданында газ баллон жарылып, бір адам қаза тапты.

Қаратомар ауылында болған оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар үйіндінің астынан ер адамның мәйітін алып шықты. Ал үйдің иесі, 1967 жылы туған әйелдің екі қолын, арқасы мен бетін күйік шалған. Денесінің шамамен 10 проценті күйіпті. Жағдайы орташа ауыр деңгейде. Ол қазір аудандық ауруханада емделіп жатыр. Оқыс оқиға жеке тұрғын үйге керме төбелерді орнату кезінде орын алды. Алдын ала болжамға сәйкес, газ баллонның жарылуына өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған. Жарылыс салдарынан екі пәтерлі тұрғын үйдің тас-талқаны шықты. Баспана адамдардың тұруына жарамсыз болып қалды.    

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД аға инженері:

- Себебін айтатын болсақ, 1989 жылғы азамат газ баллонды пештің жанында жылытқан. Сол жылытуының себебінен жанусыз гүрсіл пайда болған. Бұл қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан болған.  

Қостанайда жаяу өтпе жолда екі адамды көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Қобыланды батыр көшесінде болды. Жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан әйел адам мен 2011 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Зардап шеккендер шұғыл түрде аурухана жеткізілген. Жеңіл көлікті 1949 жылы туған азамат басқарған екен. Көлік қағып кеткен екі адамның да жағдайы аса ауыр күйде қалып отыр. Комаға түскен қыз бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде. Түрлі дене жарақатын алған әйел есін жимаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұсталып, одан киіктің 102 дана мүйізі алынды. Осы факті бойынша Бөкей ордасы ауданының ПБ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталу үстінде. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің жаңа бабы қолданылады. Сонымен бірге оның мүлкі тәркіленеді. Үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. 

Болатбек  Белгібеков,  облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Еске сала кетейін, Қазақстанда жаңа жылдан бастап браконьерлік пен экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жаза қатаңдатылған болатын. Агроөнеркәсіп кешені мәселелері бойынша заңнамаға соңғы енгізілген түзетулер шеңберінде ҚР ҚК-нің 337-бабы кеңейтілген, яғни санкциялары кеңейтілген болатын. Сонымен қатар ҚК-нің 339-бабы да қайта пысықталып, ол бойынша киіктердің дериваттары мен бекіре балық түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін браконьерлер жауапқа тартылатын болды. 

Елордалық сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде қолына пышақ ұстаған шетел азаматы келушілердің зәресін ұшырған. Бұл туралы хабарлама полицияға кешкілікте түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен құқық қорғаушылар қоқан-лоққы көрсеткен Түркия азаматы екенін анықтады. Ішімдікке сылқия тойып алған ол өзінің білегіне жарақат сала бастаған. Сауда орталығына келгендердің бірі ер адамның қолындағы суық қаруды алады. Қоғамдық орында тәртіп бұған шетел азаматына медициналық көмек көрсетілді. Ол  ҚР заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады. Қазір оны елден шығару туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Қарағандылық тәртіп сақшылары бес қабатты үйдің шатырына шығып кеткен ер адамды аман-есен жерге түсіріп алды. Бұл келеңсіз жайды кезекшілік бөлімге көршілерінің бірі хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері спиртті ішімдікке тойып алған 31 жастағы азаматты жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Дәрігерлердің айтуынша, оның бақайы мен саусақтары үсіп кеткен. Кейін белгілі болғандай, ол атасымен болған жанжалдан соң осындай қадамға барыпты.

Хабар 24 телеарнасы