448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау тұрғындары сусыз қалды

  • 160
  • UPD: 13:45, 25.02.2020
Көкшетау тұрғындары сусыз қалды

Көкшетауда өткен түнде ірі коммуналдық авария болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан облыс орталығындағы тұрғын үйлердің басым бөлігі сусыз қалды. Диаметрі 800 миллиметрлік магистральді су құбыры №2 су сору станциясында жарылған. Нәтижесінде бірнеше үйдің астындағы жайды су басқан. Қазір коммуналдық қызмет су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аварияның алдын ала себебін, мамандар магистральді желілердің әбден тозғандығынан болған деп түсіндірді. Кәріз құбырларының орнатылғанына 30 жыл асқан. Мамандардың айтуынша, апат салдары жойылғаннан кейін бір тәулік ішінде су қайта беріледі.

Хабар 24 телеарнасы