420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында 24 жол учаскесі жабылды

  • 223
  • UPD: 19:31, 27.02.2020
Қостанай облысында 24 жол учаскесі жабылды

Қостанай облысында республикалық және облыстық маңызы бар 24 жол учаскесі жабық тұр.

Көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген. Төтенше жағдайлар қызметі өткен тәулікте екі құтқару операциясын жүргізді. Арқалық қаласы маңында аяғы сынған әйелді ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан шығарылса, Жітіқара-Львов трассасынан бес жолаушы эвакуацияланды. 

Уәлихан Досанов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:

- Ауа райының бұзылуынан таңертең 39 жол учаскесі жабылса, қазір 24 бағытта көлік қозғалысына тыйым салынды. Қардан тазартып, ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдардағы жағдайды барынша бақылауда ұстап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы