421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Банкоматты жарып жіберген павлодарлыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

  • 324
  • UPD: 20:26, 28.02.2020
Банкоматты жарып жіберген павлодарлыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

Ақсу қаласында ұры банкоматты жарып жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 жастағы күдікті құрылғыны бұзып, оңай олжаға кенелмек болған. Банк қызметкерлерінің айтуынша, жарылған банкомат онсыз да бір жұма бойы жұмыс істемей тұрған екен. Яғни, ішінде ақша болмаған. Ал ұры шарды газға толтырып, сол арқылы банкоматтың ішіне құйған. Сөйтіп, жарып жіберген. Бұдан банкомат қана емес банк ғимаратының қасбеті де қираған.

Жанна Белялова, облыстық пд ресми өкілі:

- Оқиға орнына тергеу тобы дереу жетіп, аумақты қоршауға алды. Бүгінде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы екінші бөлігінің бірінші тармағы бойынша сотқа дейінгі термеу басталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы