loader

Ақтөбе облысында астық тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында астық тиелген вагондар рельстен шығып кетті

Ақтөбе облысында жүк пойызының астық тиелген вагондары аударылып қалды.

Оқиға кеше кешкісін Шалқар ауданының Тоғыз станциясы маңында болған. Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады. «Сексеуіл – Бейнеу» бағытындағы пойыздың арпа тиелген соңғы төрт вагоны рельстен шығып кетіпті. Нәтижесінде 300 метр темір жолға зақым келген. Оқиғаға орай Атырау – Алматы, Әндіжан – Мәскеу және Ташкент –Мәскеу бағытында жүретін жүрдек пойыздар бірнеше сағат бойы тоқтап тұрды. Ал, бұзылған жолды қалпына келтіру үшін құрамында 30 жұмысшысы бар топ жұмылдырылған. Нәтижесінде айналма темір жол салынып, кестесінен кідірген пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді.

Авторы: Ануарбек Мырзатайұлы

Сондай-ақ...