426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖ кезінде жұмыс істеген букмекер әкімшісі қамауға алынды

  • 387
  • UPD: 12:38, 30.03.2020
ТЖ кезінде жұмыс істеген букмекер әкімшісі қамауға алынды

Елімізде 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Осындай жағдайға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзып, пайда табу үшін жұмысын жалғастырып келе жатқан кәсіпкерлік нысандары әлі анықталуда.

Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимдегі қызметке көшкен. Яғни күні-түні рейд жұмыстарды жүргізіліп, адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда. Осындай кезекті рейд барысында Созақ ауданының полицейлері, ауылдардың бірінде букмекерлік кеңсенің жұмыс жасап жатқанын анықтады. Мұны анықтаған полицейдің айтуынша, төтенше жағдай жарияланып, тыйым салынғаннан кейін, яғни 18-19 наурыз күндері ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылуы керек деп, аталған букмекерлік кеңсеге бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда букмекерлік кеңсе әкімшісі оған құлақ аспай 23 наурыз күні адам қабылдап отырғаны белгілі болды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама жасалып, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

«Түркістан облысының полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен дәмхана-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтары үшін қажет болмақ»,-делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы