424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында қатты желден құлаған шатыр бір адамды басып қалды

  • 372
  • UPD: 08:21, 08.04.2020

Ақмола облысында дүлей дауыл тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қатты желдің салдарынан Көкшетау қаласында бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаны Төтенше жағдайлар комитеті растады. Мамандардың айтуынша, Ұрымқай ауылында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Сөйтіп көлік тұрағының ұшқан шатыры 40 жастағы күзетшіні басып қалған.

Рустамбек Әмрин, ҚР ІІМ ТЖК дағдарыс жағдайларында басқару орталығының орынбасары:

– Сағат кешкі сегіздерде Бурабай ауданы Ұрымқай ауылында 1980 жылы дүниеге келген күзетшінің қайтыс болғындығы туралы мәлімет келіп түсті.

Көкшетауда дауыл 2 тұрғын үй мен 2 әкімшілік ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Он аялдама мен жарнама тұғырлары қираған. Бірқатар ауданда электр желілері үзілді. Мамандар қаладағы ахуалды реттеуге күш салуда. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 200 адам мен 11 арнайы техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер де бар көрінеді. Тілшілеріміз оны қазір анықтауға тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы