413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында дауылдан екі адам қайтыс болды

  • 130
  • UPD: 16:46, 09.04.2020

Тағы екеуі Солтүстік Қазақстан облысында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулықтары жақсарды. Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары осындай дерекпен бөлісті. Юрий Ильиннің сөзіне сүйенсек, теріскейдегі үш аймақта ұйытқыған желдің кесірінен 400 нысан бүлініпті.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қостанай, Ақмола, СҚО электр желілері жөнделуде. Бүгін кешкі сағат 18:00 шамасында жарық берілуі мүмкін.

Юрий Ильин сондай-ақ су тасқынына да тоқталды. Оның айтуынша, Қостанай облысында 60 үйді су басқан. Кеше тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліпті. Одан бөлек, Ақмола мен СҚО-да қар жылдам еріп жатқан көрінеді. Алайда барлығы бақылауда. «Сондықтан алаңдауға негіз жоқ», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Атбасарда су деңгейі біртіндеп көтеріліп барады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Қостанай облысында 60 үй су астында қалды. Кеше тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірдік. Бүгін суды сорғызып алдық. Шамамен 30 үйге тұрғындарды қайтара берсек болады.

Хабар 24 телеарнасы