417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаушы ұсталды

  • 491
  • UPD: 08:15, 14.04.2020
Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдаушы ұсталды

Полицейлер күдік тудырған көлікті Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Шижаға елді мекені тұсынан тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тексеру кезінде көліктің артқы жүк салғышындағы бензин багіне пластикалық бөтелкелерге салынып, жасырылған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама нәтижесінде 21 келі марихуана мен 1 келіден астам гашиш екені анықталды.  Ал көлік тізгіндеген күдікті Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Ерболат Төрахметов, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Автокөлік жүргізушісі карантинге дейін Қызылорда облысына кірген.  Бүгінгі таңда Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіиен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы