411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөздегі 4 баланың өлімін тексерген комиссия шешім шығарды

  • 107
  • UPD: 19:41, 20.05.2020
Аягөздегі 4 баланың өлімін тексерген комиссия шешім шығарды

Аягөзде көз жұмған жеткіншектердің өліміне байланысты құрылған ведомстовоаралық комиссия жұмысын қортындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуір айында балаларға арналған мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 4 бала қайтыс болған еді. Комиссия құрамында әлеуметтік, медициналық сала өкілдерімен қатар, полиция, прокуратура және әкімдік қызметкерлері жұмыс істеді. Мамандар балалардың өліміне бұған дейін айтылғандай, қызылша ауруы емес, туа біткен дерттері себеп болған дейді. Өскеменде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат осы оқиға бойынша мәліметтер таратты. Оның айтуынша, 4 жеткіншектен ата-аналары бас тартқан. Мекемені тексеру барысында бірнеше санитарлық талаптар мен Еңбек Кодексінің бұзылғандығын анықталды. Нәтижесінде 3 қызметкер жұмыстан босатылды. Қазір құқық қорғау органдары балалардың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Әлішер Мархабат, облыс әкімінің орынбасары:

– Комиссия мүшелері барлық дәйектерді, оның ішінде бейнебақылау камераларының мәліметтерін де мұқият қарап шықты. Жұмыс қорытындысы балалардың бір айдың ішінде әр түрлі уақытта туа біткен ауруларына байланысты көз жұмғандарын анықтады. Дәрігерлердің қортындысы бойынша, бұған қызылша ауруының қатысы жоқ. Қазір ведомствоаралық комиссияның барлық материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау туралы содан кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы