422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: қармақтағы балықты алу үшін суға түскен ер адам батып кетті

  • 358
  • UPD: 19:16, 22.05.2020
ШҚО: қармақтағы балықты алу үшін суға түскен ер адам батып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қармаққа іліккен балықты алу үшін суға түскен ер адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Опытное поле ауылының тұрғыны балық аулауға шыққан. Кенет үлкен балық ілігіп, қармағы суға құлап кеткен. Олжасынан айырылғысы келмеген ер адам артынан жүзіп, сәлден соң бата бастаған.

«Бұз мезетте жағада тұрған оның әйелі жан-жағына айқайлап, көмекке шақырған. 100 метрдей қашықтықта болған екі балықшы лезде көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан. Үшеуі де оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан» делінген ведомство мәліметінде. Оқиға орнына жедел жәрдем мамандары келіп жеткенше 46 жастағы азамат көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы