412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 9 жасар бала суға кетті

  • 162
  • UPD: 14:01, 25.05.2020
Қостанай облысында 9 жасар бала суға кетті polisia.kz

Қостанай облысында тоғыз жастағы бала суға кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 мамыр күні сағат 15:00-де Науырзым ауданы Қожа ауылында 9 жасар бала суға батып кетті. Болжам бойынша бала ауылдың шетіндегі жасанды су қоймасының жанында ойнап, кейін шомылуға бел буған. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Осы орайда облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы