418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында 21 бас қойды пойыз басып кетті

  • 220
  • UPD: 14:50, 18.06.2020
Қарағанды облысында 21 бас қойды пойыз басып кетті

Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Азаматтардың бейқамдығы және үй малдарын теміржол бөлігіне жіберуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Теміржол аса қауіпті аумақ болып саналады, бұл жөнiнде көлік полицейлері үнемі ескертіп отырады», - дедi Көліктегі полиция департаментi бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Оның айтуынша, пойыздың малды басып кетуі салдарынан жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне, адамдар жарақаты сияқты ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

17 маусымда Новалы – Сарышаған өткелінде жолаушылар пойызы 21 бас қойды басып кетті.

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде малдың иесі анықталды. Ол 30 жастағы Қарағанды облысы Сарышаған кентінің тұрғыны болып шықты. Мал иесі отар қойды теміржолдың бұрылыс бөлігінде жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінде.

Хабар 24 телеарнасы