418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәрі-дәрмекті астыртын жолмен қымбатқа сатқан кәсіпкер әшкереленді

  • 234
  • UPD: 14:40, 10.07.2020
Елордада дәрі-дәрмекті астыртын жолмен қымбатқа сатқан кәсіпкер әшкереленді

Елордада дәріхана заңсыз түрде өте қымбат бағада дәрі-дәрмек сатқаны белгілі болды. Бұл 4 күннен бері полиция қызметкерлері өкілдерімен  жүргізілген рейд жұмыстары барысында анықталған.

Дәріхана фармацевті сатып алушыларды үй астында орналасқан жасырын орынға жіберіп сауда жасап отырған. Қазіргідей індет өршіп тұрған уақытта ең керекті дәрілерді өте қымбат бағада сатқан дәріхана иесінің кінәсі анықталса заң алдында қатаң жауапқа тартылады. 

Серікбек Байғара, Есіл аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі, капитан:

- 2020 жылы 9 шілде күні Нұр-сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының жедел криминалдық қызметкерлері мен Түркістан көшесі 10 үйде дәріханада заңсыз құжатсыз дәрі-дәрмек тіркелді. Жедел іздестіру шараларымен 26 қорап тәркіленді. Әрі қарай тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы