418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәріні алып сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды

  • 181
  • UPD: 23:04, 13.07.2020
Дәріні алып сатумен айналысқан Өскемен тұрғыны ұсталды

Ал Шығыс Қазақстан облысында астыртын дәрі-дәрмек сату дерегі анықталды. Полиция қызметкерлері қызу түсіретін препараттарды алып-сатумен айналысқан 45 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.

Фармтауарлар өз бағасынан 5 есе қымбатқа сатылған. Құқық қорғаушылар дәрілердің заңсыз сатылу ошақтарын анықтау үстінде. Ал қоғамдық ұйым өкілдері мен антикор мамандары дәріханалар жұмысын ұдайы назарда ұстап отыр. Рейдтік тексерулер күнделікті жүргізіліп жатыр. Дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін жергілікті билік дәріханалар желісімен меморандум жасасты. Келісімге сәйкес бір қолға парацетамол мен аспириннің тек 3 қорабы беріледі. Тұрғындар көп сұрайтын дәрілік заттардың келу кестесі көпшілікке алдын ала хабарланады.

Жігер Байділдин, облыстық антикоррупциялық қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Қаланың дәріханаларында аспирин, парацетамол сияқты дәрі-дәрмектердің бар болуы анықталды. Сонымен қатар цев-3, арбидол, азитромицин сияқты дәрілердің жоқтығы анықталып жатыр. Осыған байланысты қазіргі кезде тиісті шараларды біз әкімдік сонымен қатар біздің мининстрліктің алдын көтеретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы