428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда қайық аударылып, ер адам суға батып кетті

  • 310
  • UPD: 12:47, 16.07.2020
Атырауда қайық аударылып, ер адам суға батып кетті inform.kz

Атырау облысында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болған.

«Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен бір жүзу құралы тартылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Атырауда биыл 25 адам суға кеткен.

Хабар 24 телеарнасы