426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық полицейлер өздері туралы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

  • 272
  • UPD: 20:25, 31.07.2020
Павлодарлық полицейлер өздері туралы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Павлодар облысы полиция департаментінің өкілдері әлеуметтік желілерде тарап кеткен құжатқа қатысты түсініктеме берді.

Бүгін ғаламтор мессенджерлерінде өңірдегі тәртіп сақшыларына бетперде режимін сақтау бойынша күнделікті жоспарға сәйкес ондаған заң бұзушылықты анықтау міндеттелгені туралы ақпарат тарады.

Құзырлы орган мамандарының айтуынша, бұл жалған мәлімет. Аталмыш құжатта қала-аудандық полиция бөлімшелеріне маска режимін сақтамағандарды анықтау талабы қойылған. Сонымен қатар тапсырма орындалмаған жағдайда жеке жауапкершілік қарастырылғаны туралы да айтылған. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тексеріс басталды. Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық пд басшысының орынбасары:

 - Полицейлерге маска режимін сақтау бойынша қандай да жоспар жасалған жоқ. Тәртіп сақшыларының жұмысы хаттамалар немесе ұсталған адамдар бойынша бағаланбайды. Осындай тапсырмалар қойылмайды. Азаматтарға жалған ақпарат тарату бойынша жауапкершілікке тарту қарастырылғанын ескерткім келеді. Бұл хатқа менің қолым қойылған жоқ, құжаттың шығыс номері де жоқ.

Хабар 24 телеарнасы