«Макинск құс фабрикасы» ЖШС жүк көтергіш көлігінің жүргізушісі жұмысшыны басып мерт қылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға тамыздың 4-і күні болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмыс үстінде «JCBAKD-704S» жүк көтергіш көлігінің жүргізушісі 40 жастағы жұмысшыны басып кетті, ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомстводан.
Қазіргі кезде «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жұмысшының өліміне байланысты ҚР ҚК 156 бабы (еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ тергеу шаралары шеңберінде сараптама тағайындалды.