426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Жолы» бекетінің кеденшілері жасаған былықтың беті ашылды

  • 255
  • UPD: 22:19, 12.08.2020
«Нұр Жолы» бекетінің кеденшілері жасаған былықтың беті ашылды

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің 8 қызметкері ұсталды. Олардың екеуі ветеринарлық-фитосанитарлық бақылау бөлімінің мамандары.

Бас көлік прокуратурасының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бекетте арнайы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бірқатар былықтың беті ашылған. Ұсталғандар «мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде пара алды» деген күдікке ілініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы