423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жатақхана өртенді

  • 266
  • UPD: 10:22, 14.08.2020
Алматыда жатақхана өртенді

Алматының Түрксіб ауданында өндірістік нысан аумағындағы екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан ғимараттың екінші қабаты толығымен жанып кеткен.

«ТЖД пультіне өрт туралы хабарлама 13 тамызда сағат 18:50-де келіп түсті. Спасская көшесі 90 мекенжайындағы екі қабатты ғимарат жанып жатқаны туралы хабарланды. Өрт сөндірушілер келген бойда екі қабатты жатақхананың шатыры мен екінші қабаты жанып жатқанын байқады. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метр.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 11 минутта жойды. Асхана орналасқан бірінші қабат қана жанбады. Өрт жақын маңдағы өндірістік цехтерге ұласқан жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы