429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйдағы екі адамның өліміне байланысты арнайы топ құрылды

  • 203
  • UPD: 22:39, 18.08.2020
Рудныйдағы екі адамның өліміне байланысты арнайы топ құрылды

Рудный қаласында екі кісінің өліміне қатысты істі прокуратура бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін Рудный қаласында болған.

«Сағат 11:48-де «102» номеріне жеке тұрғын үй секторында қайғылы жағдайдың болғаны хабарланды. Қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы хабарды тексеру үшін оқиға орнына шықты. Тәртіп сақшысы тұрғын үй ішінен 53 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелдің мүрдесін тапты. Олардың зорлықпен өлтірілгені анықталды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қостанай облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Нығмет Ысмағұловтың айтуынша, аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысын облыс прокуратурасы бақылауға алды. Күдіктілер іздестірілуде» деді Нығмет Ысмағұлов.

Хабар 24 телеарнасы