420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қаза тапты

  • 180
  • UPD: 12:56, 21.08.2020
Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім қаза тапты

Селфи жасаймын деп бетон плитасының астында қалған жастар қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше Алматы облысының Алакөл ауданында 2004, 2005 жылдары туған екі жасөспірім суретке түскен кезде ғимараттан құлаған. Жанында болған үшінші адам аяғын сындырып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Оқиға орнына он шақты құтқарушы мен техника келіп жетті. Осы орайда мамандар иесі жоқ ғимараттар, теміржол, су қоймалары сынды қауіпті жерлерде селфи жасамауды ескертіп отыр. Сондай-ақ жабайы аңдармен де суретке түсудің қажеті жоқ.

Хабар 24 телеарнасы