420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай ауданында ер адам жеті жасар баланы ертіп кеткен

  • 168
  • UPD: 20:09, 30.08.2020
Алтай ауданында ер адам жеті жасар баланы ертіп кеткен

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында полицейлер мен еріктілер жеті жастағы ұл баланы іздестіріп жатыр. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғалып кеткен баланы іздеуге полиция бөлімінің толық жеке құрамы жұмылған.

Бүгін түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан.

Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін ол жоғалып кеткен. Бала сұр түсті «Украина» велосипедімен жүрген.

Зубовск ауылында баланың үйден бір күн бұрын шамамен сағат 16:00-де шыққаны анықталды, қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ата-анасы басында өздері іздеп, ол нәтиже бермеген соң ғана полицияға жүгінген.

Эдуард Жилиевтің белгілері: шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстінде сұр футболка, сұр спорт шалбары, қара-сұр түсті кроссовка болған.

Хабар 24 телеарнасы