420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жоғалған екі балықшының біреуінің денесі табылды

  • 139
Қостанай облысында жоғалған екі балықшының біреуінің денесі табылды ktk.kz

Жас жігіттер түнде балық аулауға шыққан.

Қостанай облыстық ТЖД өкілінің айтуынша, 1 қыркүйекте Федоров ауданында бірнеше жігіт балық аулауға шығады. Олардың екеуі қайыққа мініп, балықты су қоймасының ортасында аулауға бел буады. Көп ұзамай жағада қалған балықшылар достарын көзден таса болғанын байқап, оларды іздегенмен, еш нәтиже шықпаған.

Құтқарушылар қызметіне су қоймасында екі адамның жоғалғаны туралы дерек түседі.

«Жедел түрде құтқарушы бөлімдер жіберілді. Кеше сағат 00:00 шамасында 1992 жылғы азаматтың денесі табылды. Екінші азамат 1987 жылы туған. Қазір суасты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», – деп мәлімдейді Қостанай облыстық ТЖД басшысының орынбасары Азамат Өрімбаев.

Хабар 24 телеарнасы