420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда өрт шыққан үйден 34 адам эвакуацияланды

  • 76
  • UPD: 10:03, 14.09.2020
Қостанайда өрт шыққан үйден 34 адам эвакуацияланды

13 қыркүйек күні сағат 02:56-да Қостанайдағы Чехов көшесінде орналасқан 106/2 үйден өрт шықты.

Қызыл жалын шарпыған аумақ 1,5 шаршы метрді құраған. Өртенген – үйдің бірінші қабатында тұрған екі қоларба мен велосипед. Салдарынан кіреберіс қою түтінге оранды.

Осы мекенжай бойынша тұратын 34 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, соның үшеуі бала.  

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 03:06-да ауыздықтады. Өртке тұрғындардың бірінің қауіпсіздік шараларының сақтамауы себеп.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы