431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды

  • 173
  • UPD: 11:26, 14.09.2020
Қостанай облысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысындағы Амангелді ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан Жалдама өзенінен ер адамның мәйіті табылды.

Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды alau.kz.

13 қыркүйек күні кешкі сағат 18:00-де аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы судан 1944 жылы туған адамның мәйітін тауып, алып шықты.

Ер адамның үстінде киімі болған, денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.

Хабар 24 телеарнасы