427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда ер адам газдан уланды

  • 186
  • UPD: 10:53, 21.09.2020
Павлодарда ер адам газдан уланды kazaknews.kz

1967 жылы туған пәтер иесі жеңіл дәрежедегі ысты газбен уланған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Құтқарушылар пультіне 20 кыркүйек күні сағат 23:15-те Павлодардағы Академик Бектұров көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

- Ас үйдегі бір бөлмелі пәтерде электр пешінде тұрған тамақ күйген. Өрт сөндірушілер ішке пәтерге кіретін металл есікті бұзып енген. Олар 1967 жылы туған пәтер иесін құтқарды. Медициналық апаттар орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі улы газбен улану. Сондай-ақ қала тұрғыны мас күйде болған. Ол ауруханаға жатқызылмаған», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Ербол Теміров.

Хабар 24 телеарнасы