432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының тағы 3 ауданында құс қырылды

  • 164
  • UPD: 19:18, 22.09.2020
Ақмола облысының тағы 3 ауданында құс қырылды

Бұл жолы жұқпалы ауру Зеренді, Бұланды және Целиноград аудандарында анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өлген құстардан қан алынып, Нұр-Сұлтан қаласына зертханаға жіберілген. Әзірге тек Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында карантин жарияланып, шектеу шаралары енгізілді. Елді мекенде Елордадан келген арнайы топ мамандары зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құс фабрикаларындағы жағдай қалыпты дейді ветеринарлар.  

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Целиноград ауданында тіркелді. 15 құс өлген екен. Клиникалық жағынан қарағанда, бұл құс тұмауына ұқсамайды. Одан басқа да «Ньюкасл» деген аурулар бар жергілікті жерде кеңінен тараған. Сол ауру ма деп тұжырымдап отырмыз. Зертхананың нәтижесі оны көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы