432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, сәби көз жұмды

  • 223
  • UPD: 11:56, 25.09.2020
Шымкентте экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, сәби көз жұмды

Шымкентте жолда кетіп бара жатқан экскаватор мен жеңіл көлік соқтығысып, бір жасқа толмаған нәресте мерт болды.

Тағы үш ересек адам ауыр жарақаттанып, оның бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жол көлік оқиғасы кеше күндізгі 11:00 шамасында болған. Жібек жолы көшесінде келе жатқан экскаватор бұрылмақ болғанда, оған «Тойота» көлігі соғылған. Салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданып, ішіндегі үш адамның екеуі көз жұмды. Қалған екі жолаушы қазіргі таңда ауруханада жатыр.

Осы жәйт бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3 бөлігімен (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тіркелді. Жүргізушілердің мас күйін тексеру мақсатында және жол көлік оқиғасына қатысты бірқатар тиісті сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді полиция.

Хабар 24 телеарнасы