427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

  • 142
  • UPD: 19:35, 04.10.2020
Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Павлодар облысында жеңіл көлік пен трактор соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік Полиция департаменті.

Жантүршігерлік апат 3 қазанда кешке болған. Сағат 21:00 шамасында Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-шақырымында екі көлік соқтығысқан.

«ВАЗ 21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторы тасымалдаған тіркемемен соқтығысқан, тракторды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - деді ведомство өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы