424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда боран соғып, жолдарды көктайғақ басты

  • 172
  • UPD: 12:27, 27.10.2020
Қостанайда боран соғып, жолдарды көктайғақ басты

Қостанайда кеше толассыз жауған жаңбырдың соңы қар аралас ызғарлы желге ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Температура 7 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетті. Жолдарды көктайғақ басты. Түн жарымынан бері тоқтаусыз жауған қар жолдарды тазартып үлгіртпей жатыр. Соның салдарынан кей жерлерде көлік кептілісі пайда болды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай мен Рудный қалаларындағы мектептерде бірінші ауысым сабағы болмайтындығы туралы хабар таратылды. 

Хабар 24 телеарнасы