Тараз қаласының автовокзалы маңында бір тұрғынның көлігінен 3 қап кептірілген марихуана табылды.
Оның жалпы салмағы 34 келі 760 грамды құраған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған 53 жастағы Тараз қаласының және 65 жастағы Меркі ауданының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.