423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы жемқорлық күдігіне ілінді

  • 149
  • UPD: 15:10, 30.10.2020
БҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы жемқорлық күдігіне ілінді Kapital.kz

Жамбыл облысында пандемияға қарсы күреске бөлінген бюджет қаржысын денсаулық сақтау басқармасындағылар жымқырғаны белгілі болды.

Өзара сыбайласқан азаматттар сатып алынуы тиіс медицналық құрал-жабдықтардың бағасын көпе-көрнеу өсіріп көрсеткен. Артығын қалтаға басқан. Осылайша мемлекетке 8 млн 730 мың теңгенден аса шығын келтірді.

***

Батыс Қазақстанда да денсаулық сақтау басқармасының басшысы жемқорлық күдігіне ілінді. Лауазымды тұлға келісімшарт бойынша орындалған жұмыстар мен қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін компания директорынан 7 млн 800 мың теңге көлемінде пара алған. Қазір күдікті сыбайласымен бірге уақытша ұстау абақтысына қамалды.

***

Павлодар облысында «Қазақстан темір жолы» компаниясы филиалының басшысы да тергеуге алынды. Ол қарамағындағы бөлім басшыларынан 250 мың теңге қаржыны заңсыз алған. 

***

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерге қатысты тергеу жүріп жатыр. Ол облыс әкімінің аппараты басқармаларының бірінде басшы қызметінің міндетін атқарған. Шенеунік орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде пара алғаны әшкере болды.

***

Сондай-ақ пара беруге оқталған талдықорғандық шенеунікке қатысты тексеріс басталды. Республикалық ветеринариялық зертхана өңірлік филиалының басшысы күдікке ілігіп отыр. Ол 26 қазанда мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге пара бергісі келген. Бұған қоса дәл осы Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапа басқармасының бөлім басшысы да күдікке ілікті. Ол жетекші маманмен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес субъектілерінің директорларынан ауызбастырық алып отырған. Яғни карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін ақы алмақ болған.

Хабар 24 телеарнасы