423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте тұрғын үйде газ жарылды

  • 143
  • UPD: 15:11, 09.11.2020

Шымкентте көпқабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.

Төтенше жағдай кезінде дене жарақатын алған 63 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді. Ресей Федерациясының азаматы жалдап тұрып жатқан пәтердің терезелері, есіктері мен жиһаздарына зақым келген. Құтқарушылар сондай-ақ бес қабатты үйден 4 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс салдарынан көрші пәтерлердің терезелері мен аулада тұрған көліктің әйнектері сынған. Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған екен. Бірақ мамандар оқыс оқиға болған пәтерде су ысыту құрылғыларының орнатылғанын анықтап отыр. 

Ләззат Жарқынбекова, пәтер иесі:

- Азанда 6-дан өте жарылыс болды. 10 минутта жеттім, үйім жақын. Полиция, өрт сөндірушілерді шақырған жоқпын, бірақ өздері келіп қойған. Өзім шок жағдайда болдым, ештеңе істей алмадым. Пәтердің өзі 10 миллион теңгедей шығын болады. Әлі тексеріліп, есептелген жоқ. Жобамен айтып отырмын, одан көп болуы да мүмкін.

Мадияр Жықсыбаев, ТЖД бастығының орынбасары:

- Болжам бойынша газдың белгісіз себептермен жиналуы болған. Ол жағын қазір тиісті тексеру жұмыстарын жүргізеді. Болжам бойынша толығымен біз БАҚ тағы қосымша ақпарат береміз.

Хабар 24 телеарнасы