423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды

  • 86
  • UPD: 11:06, 20.11.2020
Павлодарда мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды

Павлодарлық құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен балықшыны судан алып шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«20 қараша күні сағат 08:10-да 112 пультіне «Акуленок» шығанағының аумағында ер адамның балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, балықшы құтқарды. Мұздың тым жұқа болуына байланысты құтқару жұмыстары күрделене түсті. Құтқарушылар 1960 жылғы ер адамды мұздан шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.

Ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы бірқалыпты. Оқиға орнына 9 құтқарушы мен 2 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері барды.

ТЖМ тұрғындарға осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұқа мұзға шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы