425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәмханадағы жарылыс: елорда әкімі қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты

  • 125
  • UPD: 15:27, 21.11.2020
Дәмханадағы жарылыс: елорда әкімі қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан әкімі дәмханадағы жарылыс кезінде қайтыс болған қыздың отбасына көңіл айтты.

«Газ баллоны жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым» деп жазды қала әкімі инстаграм парақшасында.

Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды

Елордадағы жарылыс кезінде барлығы 33 адам зардап шекті

Елордадағы жарылыс: 19 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты

Хабар 24 телеарнасы