425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында тоғыз жастағы бала вирусты пневмониядан көз жұмды

  • 445
  • UPD: 19:46, 24.11.2020
Ақтөбе облысында тоғыз жастағы бала вирусты пневмониядан көз жұмды

11 қараша күні ауырып, Хромтау аудандық ауруханасы дәрігерлеріне көрінген.

Содан үйіне қайтқан. Алайда іші түйіліп, құсуы тыйылмаған. Дүйсенбіде облыстық ауруханаға түскен. Қажетті ем-дом жасалып, жасанды өкпе желдеткіші аппаратына қосылса да, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір осы дерекке орай арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері балаға вирусты пневмония диагнозы қойылғанымен, COVID-19 белгісінің табылмағанын айтады. ПТР тест қортындысы да теріс нәтиже көрсеткен. Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша 9 баладан коронавирустің симптомсыз түрі анықталған.

Нұрлан Қожин, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Жұқпалы аурулар ауруханасынан ауыстырылғанда балада дем жетіспеушілік байқалды. Бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылып, интенсивті терапия және қажетті ем жүргізілді. Дегенмен, өкінішке орай бала көз жұмды. Қазір гистологиялық зерттеу жүргізу қолға алынды. Оның қортындысы келесі аптада белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы