421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандағы жарылысқа газ балонының пеш жанында тұруы себеп болған

  • 128
  • UPD: 15:12, 27.11.2020
Талдықорғандағы жарылысқа газ балонының пеш жанында тұруы себеп болған

Талдықорғанда газ баллоны жарылып, 8 адам жарақат алды.

Арасында үш бала бар. Оқиға қала маңындағы Еркін ауылындағы жер үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке көршілері келген екен. Артынша оқиға орнына полицейлер мен өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметі жеткен.

Азамат Ниязов, ҚР әскери әуе күштерінің 21751 әб қызметкері:

– Кірдім, қарасам бала отыр екен. Жанып жатқан жерінен алып шықтым. Қыз бала диванда отыр екен, оны да алып шықтым. 

Жарақат алғандар қалалық көпсалалы және облыстық аурухана мен балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен төртеуінің жағдайы аса ауыр, қалғандарының жағдайы да ауыр деп бағаланып отыр. Оларды емдеу үшін санитарлық авиацияның көмегімен Алматыдан дәрігер шақыртылған. 

Арман Жансенгіров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Төрт консилиум өткізілді. Екеуі профильді палатаға ауыстырылды. Қолдан келген ем жасалып жатыр.

Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Олар үй қирандыларын аршып, жарылыс салдарын жоюға кіріскен. Алдын ала болжам бойынша жарылысқа 5 литрлік газ балонының пеш жанында тұруы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы